Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТӨЛ ГАЗЕТ - ӘР ҮЙДЕ БОЛУ ҚАЖЕТ

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Мерзімді басылым қай уақытта да сұранысқа ие. Қазіргі кезде газетке жазылуда теріс пікірлер бар. Көбі «Жастар газет оқымайды, мұғалімдерді мәжбүрлі түрде жазылады» деген негізсіз сөзге ереді.

Бұл жаңсақ пікір. Өз басым келіспеймін. 70 жылдық тарихы бар аудандық басылымнің тұрақты оқырманымын. Мектептегі оқушыларының жетістіктері мен жеңістерін және басқа да жағымды жаңалықтарды басылым бетінен көріп қуанамын. Бұдан басқа да өзекті тақырыптарды үнемі қозғап, оқырманға ой салып отырады. Тарихы тереңде жатқан басылымдағы әрбір мақала, әрбір сөз тарих болып қалары сөзсіз. Өз ойым алдағы уақытта газет бетінен «Балалар әлемі» атты деген бетше ашылып, оқушылардың шығармашылығы жарияланып тұрса деймін. Сонда оқушылардың газетке қызығушылығы артып, олар да тұрақты оқырманына айналады.

Сондай-ақ, қаржылық сауаттылық жөнінде мамандар кеңесі де беріліп тұрса жақсы болар еді. Қазір басылымға жазылу науқаны қызу жүруде. Әрине, әркім өзі қалаған газетке жазылуға құқылы. Десек те, аудан тұрғындары ең алдымен өзіміздің төл газетіміз "Қызылқоғаға" жазылуы тиіс деп ойлаймын. Барлық оқырман аудан айнасы «Қызылқоға» газетіне жазылуға шақырамын.

Нұрзина БИСЕМБАЕВА,

Ш.Еркінов атындағы орта мекептің

ағылшын пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT