Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық дзюдошылар республикалық бәсекеден жүлдемен оралды

Талдықорған қаласында өткен ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарында қызылқоғалық дзюдошылар жеңіспен оралды.

Дзюдошылар бәсекесінде 42 келі салмақта бақ сынаған сағыздық Дамир Асылбекұлы төрт белдесу өткізіп, жартылай сында ғана маңғыстаулық қарсыласына есе жіберіп алды. Ал, қола медаль үшін болған бәсекеде жамбылдық балуанды жеңіп үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, +46 келі салмақта өнер көрсеткен миялылық Айымзада Думанқызы да қола жүлдегер атанды.

Ол алғашқы белдесуінде алматылық қарсыласын ұтқанымен, ақтық сынға шығар жолда Жамбыл облысының балуанынан айласын асыра алмады. Ал, үшінші орын үшін болған белдесуде шымкенттік қырсыласын таза ұтып қола жүлдегер атанды. Осылайша байрақты бәсекеде қос қоланы қанжығасына байлаған Дамир мен Айымзада аудан дзюдосының мерейін тағы бір асырды.

445f30c8-f1e9-4f76-8447-99dec7460807

Балуандарды аталмыш сынға дайындаған Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Сәлімгерей Нұрболғанов пен Ертай Ерғалиев екендігін айта кеткен жөн.

Еске сала кетелік, Талдықорған қаласында өткен ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарында

спорттың 12 түрі бойынша республиканың түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар бақ сынасқан болатын.

 

Дулат Ғұбайдолла

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521