Юлия Путинцева WTA 1000 турнирінің негізгі жарысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Теннис федерациясына сілтеме жасап.
Әлемдік рейтингте 61-орында тұрған Юлия Путинцева Монреальдағы WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында әлемнің 53-ші ракеткасы, америкалық Бернард Пераны екі сетте 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жарыстың екінші айналымына өтті. Енді бүгінгі екінші айналымда Путинцева әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуламен кездеседі.
Елена Рыбакина мен америкалық Дженнифер Брэдидің осы турнирдің екінші айналымындағы матчы жаңбырға байланысты бірінші сеттің соңында үзілді. Есеп - 6:6, ал тай-брейкте америкалық теннисші 4:2 есебімен алда болды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Юлия Путинцева осы жарыстың іріктеу сайыстары финалында жеңіліп, негізгі додаға қосыла алмаған еді. Алайда, чехиялық Линда Носкова турнирде ойнамайтын болды да, оның орнына Ю. Путинцева шақыртылды.