Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Универсиададан алғашқы алтын: Қазақстандық таеквондошы Рита Бакишева чемпион болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы өз салмағында финалда қытайлық Тайбейден келген Хуань Инь Суаньнан басым түсті.

Қазірге дейін ел құрамасы қоржынына 11 медаль түсті.

Оның ішінде бір алтын, бес-бестен күміс және қола медаль бар.

Жазғы универсиада 28 шілде-8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521