banner_damu

Тәуелсіздікке 30 жыл: батыс аймақтық турнир басталды

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары арасында батыс аймақтық турнир басталды" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сайыста сала қызметкерлерінен құралған Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысы командалары футзал  мен волейболдан сынға түсуде.

Шараның ашылу салтанатына қатысқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Бұл турнирде батыс аймағынан іріктелген төрт команда бақ сынауда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың спортпен және денешынықтырумен тұрақты айналысуын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте бұқаралық спортты дамытуды және балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауды жүзеге асыруды жүктеген болатын.

Осы бағытта өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрген сіздерге ризашылығымды білдіремін, -деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, турнирде жеңіске жеткен команда жарыстың республикалық кезеңіне жолдама алады.

 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика