Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағыздық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды

Ақтау қаласында «Жас батыр» кубогі үшін дзюдодан өткен республикалық турнирде сағыздық палуандар Ерхан Мұрат, Арнат Мақсот жүлделі оралды.

Атап айтқанда, 50 келіде белдескен Ерхан Мұрат қарсыластарын алып та, шалып та жығып ақтық сынға шықты.

Финалда жергілікті палуанның жауырынын жер иіскетіп жарыс жеңімпазы атанса, 38 келіде бақ сынаған Арнат Мақсот жартылай финалда ғана қарсыласына есе жіберіп алды.

Ал, үшінші орын үшін болған белдесуде ақтөбелік балуаннан басып түсіп қола жүлдеге қол жеткізді.

Осы орайда, сағыздық палуандарды республикалық турнирге дайындаған жаттықтырушысы Сәлімгерей Нұрболғановтың еңбегі зор екендігін айта кетейік.

Еске сала кетелік, «Жас батыр» кубогі үшін дзюдодан өткен республикалық турнирде 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен турнирге Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан барлығы 400-ге тарта палуан қатысты.

 

Дулат Мәтжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521