Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағыз ауылындағы спорт кешенінің құрылысы осы жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады

Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев "Қызылқоға ауданының 2022 жылғы 5 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары" туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.

- Миялы ауылындағы орталық стадионды қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіру мақсатында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ал, Сағыз ауылындағы спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр, ол осы жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады, деді аудан әкімі.

Сонымен қатар Н.Бисембиев ауданда Миялы және Сағыз ауылдарында көп функционалды ашық спорт алаңдарын салу үшін қаражат бөлініп, конкурс ұйымдастырылуда екенін мәлім етті.

Ал, Жасқайрат, Қоныстану, Миялы және Тасшағыл мен Қарабау ауылдарынан спорт кешенінің құрылысының жобалау-сметалық жұмыстары дайын екенін атап өтті. Құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру үшін алдағы жылдарға қаражат бөлуге сұраныстар жолданған.

Айта кетейік, ауданда 63 спорт нысаны жұмыс істесе, спортпен айналысатындар саны 9 950 адам.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521