Таяуда Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Жас динамошылар» атты жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир ұйымдастырылды.
Онда көрші Ресей елі, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Орал, Атырау қаласының жас дзюдошылары бақ сынады. Ал, аудан намысын сағыздық жаттықтырушы Сәлімгерей Нұрболғановтың шәкірттері қорғап, жүлдемен оралды. Атап айтсақ, аталмыш турнирде Ерхан Мұрат пен Арнат Мақсоттың мерейі үстем болып, жарыс жеңімпазы атанса, Дамир Асылбекұлы, Бауыржан Тасыбайұлы, Ерасыл Қуандықтар екінші орынды иеленді.
Ал, Саят Жұмағали, Аян Тыныштық, Ермахан Жұма, Жеңіс Ниязғалилар үшінші орынды еншіледі.
Осылайша, сағыздық балғын дзюдошылар жеңіс тұғырынан көрініп, республикалық турнирде аудан абыройын асқақтатты.
Нұрәділ ТЕМІРБЕКҰЛЫ