Ресейдің Қарашай-Шеркес республикасының Теберда қаласында өткен турнирде 82 келіде ел намысын қорғаған жангелдиндік Нұрбек Егінбаев белбеу күресінен жүлдегер атанды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байрақты бәсекеге Ресей палуандарынан бөлек Қазақстан, Болғария, Қырғыстан, Өзбекстан елдерінен де белбеу күресінің шеберлері қатысты. Нұрбек алғашқы белдесулерін сәтті бастағанымен, жартылай финалда жергілікті спортшыға ұтылды. Ал, үшінші орын үшін болған тартыста Дағыстан мен Шешенстан балуандарын ұтып, байрақты бәсекеде ел қоржынына қола медаль салды. Осылайша, Нұрбек Қызылқоға күресінің даңқын Ресей елінде асырды. Осы орайда, айта кетейік бұл жарысқа ел бойынша алты балуан қатысып, оның екеуі ғана жеңіс тұғырынан көрінді. Оның бірі – жерлесіміз Нұрбек Егінбаев.
Ендеше, ел намысын арқалап, жеңіспен оралған балуанымызға «Бәрекелді» дейміз.