Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Паралимпиада: жүзуден қос қазақстандық финалға шықты

Токиода жазғы Паралимпиада ойындары жалғасып жатыр.

Жүзу бойынша қос қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz.

Ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатында Нұрали Советқанов жалпы нәтижеде 8 орынмен финалға шықты. Сондай-ақ, осы санат бойынша сынға түскен Нұрдәулет Жұмағали екі топ нәтижесінде үшінші орынмен аяқтап, финалистер қатарын толықтырды.

Айта кетерлігі, ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатындағы спортшылар финалы елорда уақытымен 16:02-де басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT