Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МИЯЛЫЛЫҚ БЕКБОЛ ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Талдықорған қаласында қазақ күресінен 2002-2004 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жалау желбіреді.

Жарыстың алғашқы күні-ақ ақжолтай хабар жетті. 90 келі салмақта белдескен жерлесіміз Бекбол Мұқашев күміс жүлдегер атанды. Олалғашқы белдесулерінде Алматы, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысының балуандарын жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Ал, финалда тағы бір шығыс қазақстандық балуанмен белдесіп, қарсыласына жол берді. Сөйтіп байрақты бәсекеде екінші орынға ие болған.

Бекбол енді Азия және Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Осы орайда, Бекболды аталмыш жарысқа дайындап, алып барған жерлесіміз Айбек Серғазиевтің де еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн. Жарыс 8 мамырға дейін жалғасатын болады. Ендеше, ертеңгі бәсекеде белдесетін жерлес балуандарға да сәттілік тілейміз.

Дулат БЕРІК

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521