Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Миялыдағы волейбол бәсекесі С.Сабытаевты еске алуға арналды

Бүгін Миялы спорт кешенінде белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры Серік Сабытаевты еске алуға арналған волейболдан аймақтық ашық турнир өтті.

Жарысқа Ақтөбе облысының Ойыл, Атырау облысының Құрманғазы, Жылыой, Исатай, Махамбет, Мақат, Индер, Қызылқоға аудандарының құрамалары және «Серік» командасы қатысты. Турнирдің ашылу салтантында аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәлік Сүлейменов және Сабытаевтар әулетінен Гүлмира Жеңісова сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

da87b9c6-6827-426f-b07a-922b29d3c5ce

Содан кейін 9 команда үш топқа бөлініп, топтық ойындарды бастап кетті. Топтық ойыннан үздік шыққан 6 команда жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалдық ойындар да тартысты өтіп, үздік үш команда ақтық сынға өтті.

295652f8-777b-4498-9611-4b6e4706161d

Жарыс нәтижесінде бірінші орынды  жеңіп алған Ойыл ауданының құрамасы 250 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталса, олардан ақтық сында ұтылған алаң иелері күміс жүлдемен қоса 150 мың теңге байраққа ие болды. Жүлделі үшінші орынды жеңіп алған құрманғазылықтарға 100 мың теңге ақшалай сыйақы табыс етілді. Ал, «Үздік шабуылшы» болып ойылдық Шыңғыс Қабдығалиев танылса, «Үздік қорғаушы» атағы жерлесіміз Тұрар Садауовқа берілді. «Үздік ойыншы» атағымен Әлімғазы Өтеушов марапатталды.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT