Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҚОС ҚОЛА

Таяуда Моңғолия елінің астанасы Ұлан-Батор қаласында ересектер мен шеберлер арасында әлем чемпионаты өз жалауын желбіретті.

Осымен жиырмасыншы мәрте өтіп жатқан бұл бәсекеге әлемнің маңдайалды елдерінен ең мықты деген жекпе-жек шеберлері қатысып, бес күн бойы жарыс көрігін қыздырды.  
Аталмыш бәсекеде ел намысын қорғаған жерлестеріміз жерге қаратпады.

Атап айтқанда, +94 келіде белдескен миялылық Айбар Есенғалиев пен 66 келі салмақта сынған түскен сағыздық Ғибрат Әмірше екеуі де жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Әлем чемпионатына кіл мықтылар қатысатындығын ескерсек, жерлестердің қос қоласын алтыннан жоғары деп бағалауға болады. Ендеше байрақты бәсекеде жүлдегер атанған жерлестерімізді құттықтай отырып, алдағы бәсекелерін жеңіс тілейміз. 

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT