АСТАНА. KAZINFORM - Латвия астанасы Рига қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Тайваньнан басым түсті.
Кездесу барысында ел құрамасынан София Зубкова 1, 18, Cофия Муравьева 12, 26, 55, Алена Жакулина 14-минутта мергендік танытты.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсті.
Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездесті. 2020 жылы Тайвань 4:3 есебімен жеңсе, 2019 жылы Қазақстан 3:1 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, биыл әлем чемпионатында бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияға 1:3 есебімен есе жіберсе, Жаңа Зеландияны 14:3 есебімен тізе бүктірді.
Енді қазақстандық хоккейшілер 25 қаңтарда Нидерланд, 26 қаңтарда Латвиямен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қысқы Азиядада шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды.
https://kaz.inform.kz/news/alem-chempionati-hokkeyden-kazakstan-zhasosprm-kizdar-kuramasi-eknsh-zhensne-zhett-0d3350/