Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогі болып өтті.
Жарысқа 13 елден 200-ден астам спортшы қатысып, өз елдерінің намысын қорғады. Осы бір дүбірлі доданың «Өзін-өзі қорғау» бөлімі бойынша бақ сынаған ауыр салмақ дәрежесінде Атырау облысының аға жаттықтырушысы, жерлесіміз Хайдар Есенғалиев тамаша нәтиже көрсетіп, Әлем кубогінің жеңімпазы атанды. Жерлесімізді осынау жетістігімен құттықтай отырып, алдағы дүбірлі додаларда ел абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз.