Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Катардағы әлем чемпионатында бүгін қазақстандық үш дзюдошы күреседі

Катар астанасы Дохада дзюодан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық үш балуан белдеседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әйелдер құрамасы сапында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Бақыт Құсақбаева татамиге шығады. Отандасымыз іріктеу кезеңдерінде жаңазеландия спортшысымен белдеседі.

Ал ерлерден 73 келі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов пен Данияр Шамшаев ел намысын қорғайды. Ж.Смағұловтың алғашқы қарсыласы бейтарап жекелей құрама атынан сынға түсетін М.Махмадбековпен шеберлік байқасады. Данияр Шамшаев түрік балуанымен өзара мықтыны анықтайды.

Бұған дейін әлем чемпионатының екі күнінде сынға түскен балуандарымыз жүлдеге іліне алмады. Олардың арасында ең жоғары жетістік әйелдер құрамасының мүшесі Абиба Әбужақыноваға тиесілі. Отандасымыз қола жүлде үшін белдесуде жеңіліс тауып, бесінді орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, Нұрқанат Серікбаев 60 келіде әлем чемпионатын 7-орынмен тәмамдады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз