Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Көрші ауданнан жеті медаль

Жаңа жыл жерлес балуандар үшін сәтті басталды.

Соның бір дәлеліндей, Индер ауданында дзюдо күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілікте тасшағылдық балуандар олжалы оралды. Айталық, екі күнге созылған додада 27 келі салмақта Мансұр Аманқауысұлы мен 33 келідегі Марғұлан Саматұлы алтыннан алқа тақса, 30 келіде Нұрғиса Әзілханұлы мен +42 келіде Бекарыс Махамбетұлы күміс жүлдегер атанды. Ал, 23 келіде Серік Берікұлы, Ақселеу Абай және +42 келіде Ізбасар Болаттар қола медальды қанағат тұтты.

Осылайша, Индер төрінен жеті медаль еншілеген жерлестер аудан абыройын тағы бір асқақтатып қайтты. Жас балуандарға жігер беріп, жеңімпаз және жүлдегер атануына жаттықтырушы Берік Әжіғалиевтің қосқан үлесі зор.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT