Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ІРІКТЕУДЕН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ

Жақында Атырау каласында 2009-2015 жылы туылған жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық іріктеу чемпионаты өтті.

Оған аудан абыройын асқақтату мақсатында Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің оқушылары Ғалым Біләл мен Марат Расул, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Інжу Нұржанқызы қатысып, бақтарын сынады. Ойын барысында әр ауданнан келген ойыншылар өздерінің шапшаңдықтарын, есепке жүйрік екендіктерін дәлелдеп бақты.
Нәтижесінде, қыздар арасындағы ойында Інжу Нұржанқызы І орынды иемденді. Ал ұлдар арасындағы ойында Ғалым Біләл І орынды, Марат Расул ІІ орынды иеленді. 
Оқушылардың жеңіс тұғырынан көрінуіне Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Арайлым Абатқызының еңбегі зор. 
Айта кетейік, жеңімпаз балғындар алдағы уақытта Семей каласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алып отыр. Ендеше, тоғызқұмалақшы жасөспірімдерге жеңіс тұғырынан көрініңдер деген тілек білдіреміз. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521