Атырау қаласында грэплингтен жастар және ересектер арасында облыстық турнир болып өтті.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Грэплинг» федарациясының ұйымдастыруымен өткен жарысқа Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Сағыз бөлімшесінен 5 спортшы қатысып, аудан абыройын асқақтатып қайтты.
Атап айтқанда, ересектер арасында 77 келіде жекпе-жекке шыққан Наурызбек Шәкір ақтық сында ғана ұтылып күміс жүлдегер атанса, жастар арасында 47 келіде Серәлі Тұманбай барлық қарсыласын таза ұтып, алтыннан алқа тақты. Аманжол Бекбаулиевтің қол астында жаттығатын қос спортшы енді джиу-джитсудан өтетін республикалық жарысқа дайындықтарын бастап кетті.
Дулат БЕРІК