Жаңа Конституция жобасының 33-бабында азаматтардың білім алу құқығы мен білім беру жүйесінің негізгі қағидаттары айқындалды. Онда ел азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында орта білімді ақысыз алуына кепілдік беріледі.
Сонымен қатар бастауыш және негізгі орта білім міндетті болып белгіленген. Бапта әр азаматтың заңға сәйкес жоғары оқу орындарында жоғары білім алуға құқығы бар екені көрсетілген. Ал жекеменшік оқу орындарында ақылы білім беру заңда белгіленген негіздер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Білім мен технологияға басымдық беру – елдің болашағын қамтамасыз ететін ең дұрыс бағыт. Егер бұл бастамалар іс жүзінде толық жүзеге асса, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор серпін берері сөзсіз.
Алмагүл ҚАПЕЗОВА,
аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері



