Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК

Еңбек құқықтарын қорғау – әр азаматтың құқығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Жаңа Конституцияда еңбек құқықтарына кепілдік берілгені – үлкен жетістік.

Онда еңбек адамдарының мүддесі мен құқығын қорғау тетіктері күшейтілген. Конституцияның 27-бабының 4-тармағында Қазақстан азаматтарының тынығу құқығына, жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, сондай-ақ ақы төленетін еңбек демалысына заңмен кепілдік берілген. Бұл салада мемлекет нақты жауапкершілік алып, еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ еңбек адамының құқығын бұзуға жол берілмейді, ал заң талаптары мүлтіксіз орындалуға міндетті. Бұл еңбек қатынастарын жетілдіріп, қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қызметкерлердің құқығын қорғап, еңбек саласында әділдік орнатуға бағытталған қадам болмақ.

Айнұр ШОПАНОВА,

 ауданы әкімі аппараты кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT