Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

    Таяуда Исатай ауданында жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатына облыстық іріктеу жарысы өтті.

    Бұл сында аудан намысын қорғаған Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас дзюдошылары жеңістің биік тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Ерхан Мұрат пен Ерасыл Тілектес (екеуі де Сағыз) бірінші, Әбімансұр Аманжолұлы (Миялы) үшінші орындарды жеңіп алып, ел біріншілігіне жолдама алды. Ал, сағыздық тағы бір дзюдошы Дидар Аманжол өз салмағының нөмірі бірінші спортшысы есебінде іріктеуге қатыспай-ақ байрақты бәсекеде белдесетін болады.

    Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ақпан айында Астана қаласында өтеді. Іріктеуден іркілмей өткен жас дзюдошыларды бұл сынға дайындаған Сәлімгерей Нұрболғанов пен Рүстем Гумаровтың еңбегі зор.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521