Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Джиу-джитсушылар бақ сынады

Жақында Сағыз ауылындағы спорт кешенінде жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан облыстық турнир өтті.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа Атырау қаласы мен ауданнан барлығы бес команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Болатбек Меңдіғалиев пен Сағыз ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұралы Әбишан сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Екі күнге созылған жарыстың нәтижесінде сағыздық джиу-джитсушылар жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, Исламбек Қанатұлы, Әлішер Тасболат, Сағытжан Батырбек, Ыдырыс Ноғайбай, Сералы Тұманбай, Нұржан Сәндібайлар алтыннан алқа тақса, Бекзат Мағзом күміс жүлдеге ие болды. Ал, Ерасыл Тыныштық қола жүлдеге қол жеткізді. Осы орайда, спорттың осынау түрін ауданда дамытуға зор үлес қосып, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда топ жаратын шәкірттер тәрбиелеп жүрген Аманжол Бекбаулиевтің еңбегі еселі екендігін айта кеткен артық болмас.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT