Таяуда, Мақат ауданының Доссор кентінде «Спорт – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен бокстан 2012-2013, 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
Аталмыш турнирде аудан намысын қорғаған жас боксшылар намысты қолдан бермеді. Атап айтқанда, Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерінен арасында Қайсар Жүсіп, Мадияр Қайратұлы, Сұлтан Ғайса өз салмақтары бойынша жеңімпаз атанса, Ерден Бауыржан, Заңғар Қайырғали, Дәурен Нұрдәулетұлы, Рахман Мақсот, Бейбарыс Ерсайын, Қайсар Аманқайырлар үшінші орынға қол жеткізді. Жарыс қорытындысымен Қайсар Жүсіп «Үздік боксшы» атанды.
Дәл осы сында өнер көрсеткен Сағыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері ішінде Айсұлтан Мерген мен Бақдәулет Ғиниятолла қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынға ие болса, Нұрислам Саматұлы екінші, Нұрислам Бекзатұлы үшінші орынды жеңіп алды. Аталмыш турнирде миялылық боксшыларды Мейіржан Сабыров, сағыздық боксшыларды Еркін Тұрғанов жаттықтырып, олардың жеңіс тұғырынан көрінуіне өлшеусіз үлестерін қоса білді.
Дулат МӘТЖАН