Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАНДЫҚ ЛИГА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жақында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан ерлер мен әйелдер арасында аудандық лиганың қорытынды кезеңі өтті.

2

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің спорт залында өткен әйелдер арасындағы ойындардың ақтық бәсекесінде Миялы округінің командасы мен Жангелдин округінің командасы жолықты. Тартысты ойында миялылықтар басым түсіп, лига жеңімпазы атанса, жангелдиндіктер екінші, ойылдықтар үшінші орынды иемденді. Үздік ойыншы атағына Шынар Ихсанова мен Гүлдана Қабдолова ие болды.

3

Ал, ерлер арасындағы ойындар Миялы спорт кешенінде өтіп, нәтижесінде Сағыз округінің командасы қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынды жеңіп алса, көздіғаралық волейболшылар екінші орынды, жангелдиндіктер үшінші орынды иеленді. Ерлер арасында үздік ойыншы атағын Бекарыс Қойшыбайұлы (Сағыз) мен Бағытжан Мұрат (Көздіғара) иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаз-жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан арнайы кубок диплом, медаль, және бағалы сыйлықтар табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521