12-16 шілде күндері Түркістан қаласында таэквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Азия ойындарына баратын спортшылар іріктелетін сынға еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам спортшылар жиналды. Олар 3 күн бойы 10 салмақта сынға түсті. Әйелдер арасында 57 келі салмақта Мария Севостьянова мен 67 келі салмақта Нурия Хусайнова алтын жүлделерге ие болды. Жарыстың қорытындысы бойынша Атырау облысы құрама командалық есепте ІІ орын жеңіп алды.
Қасиет Бахкерейқызы