Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы – Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында әлем чемпионаты өткен.

«Халықаралық додаға әлемнің 65 елінен 1 500 спортшы қатысты. Қазақстан намысын қорғаған спортшылардың арасында Айбар Есенғалиев бастап барған атыраулық джиу-джитсушылар да бар. Оның ішінде джиу-джитсудің файтинг бөлімінде 56 келіде сынға түскен Жеңіс Нұрлыбаев әлем чемпионы атанды. Ал, жастар арасында Аружан Қуанышқызы (U18, 44 келі), Ерлан Абатбаев (U18, 50 келі), Азамат Әбуов (U16, 55 келі) пен Бейбарыс Жұмабаев (U16, 42 келі) күміс жүлдеге ие болды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521