banner_damu

Атыраулық кикбоксшылар әлем кубогынан жеңіспен оралды

«Екі алтын, бір күміс, екі қола жеңіп алған кикбоксшыларды атыраулықтар халықаралық әуежайдан зор құрметпен күтіп алды» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Будапешт төрінде алтын медаль иеленген Азамат Өтемісов 67 келі салмақта өнер көрсетті. Әлем кубогін екінші мәрте жеңіп алған Азамат Өтемісов Венгрияда қарсыластарын айқын басымдықпен ​ тізе бүктірді.

«Жарыс оңай болған жоқ. Қарсыластарым жоғары деңгейде дайындықпен келген. Олардың кәсіби деңгейлері қай айқаста да байқалып тұрды. Біз Венгрия төрінде еліміздің Көк Туын желбірету үшін бар күшімізді салдық. Жеңісімізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнаймыз» дейді әлем кубогінің алтын медаль иегері Азамат Өтемісов.

51 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медальді жеңіп алған атыраулық спортшының бірі Нұрсұлтан Жұмабаев. ​ Қазақстанның намысын абыроймен қорғаған Роман Зубарев (51 келі) күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдені Жанәлі Сәлімгерей (57 келі) мен Серікжан Сәлімгереев ​ (67 келі) ​ жеңіп алды.

Еске сала кетелік, Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен кикбоксингтен 26-шы Әлем кубогына 45 елден 3000-нан астам спортшы қатысты. ​

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика