Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраулық балуан самбодан Татарстан Президенті кубогының иегері атанды

Атыраулық балуан самбодан Татарстан Президенті кубогының жеңімпазы атанды.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2-3 қазанда РФ Қазан қаласында самбо күресінен «А» санатындағы халықаралық турнир өткен.

«Бұл халықаралық додада балуандар самбодан Татарстан Президентінің Кубогы үшін бақ сынады. Биыл турнирге 16 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Оның ішінде Атырау облысынан сынға түскен самбошылар 1 алтын, 3 күміс жүлдеге ие болды. Мәселен, спорттық самбодан 58 келіде күрескен Қайырберді Айдынбай Татарстан Президенті кубогының иегері атанды. Ал, Парасат Жұмабай 64 келіде күміс жүлдеге ие болды. Сондай- ақ, аталған додада жауынгерлік самбодан Еркебұлан Қуанғалиев (58 келі) пен Айбек Әбділов (64 келі) ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдені еншіледі», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT