Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда жастар арасында “TungiRun” жүгіру жарысы басталды

Бүгін “ATYRAU JASTAR FEST-2025” онкүндігі аясында ерекше форматтағы “TungiRun” жүгіру жарысы басталды. Шараны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, “Жастар таңдауы Атырау” қоғамдық бірлестігі және Run club Atyrau жүгіру клубы ұйымдастырды.

Жарысқа 18 бен 34 жас аралығындағы 250-ге жуық жас қатысып, 3 және 5 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынауда. Жаттықтырушы Гаухар Бекетаева қатысушылардың белсенділігі жоғары екенін, дайындығы жақсы екенін атап өтті.
Жеңімпаздарға қомақты жүлде қоры қарастырылып, сонымен қатар қатысушылар арасында спорттық кроссовкалар мен велосипедтер арнайы рандом арқылы ойнатылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT