Атырауда жүгіруден «Atyrau Marathon 2022» марафоны өтті

Бүгін Атырау қаласында "Atyrau Marathon 2022" қайырымдылық марафоны өтті. Оған қатысу үшін спортшылардан жиналған жарна «Асар-Уме» қорына аударылады. Аталған сайыс аймақта бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спорттық додаға қатысқан 1000-нан астам марафоншы төрт қашықтық бойынша, яғни 5, 10, 21 және 42 шақырым жүгірді. Жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлық пен медаль табысталды. 

- 8 қазан - Атырау қаласының күні. Қаламыз күннен күнге гүлденіп келеді. Сіздердің әрқайсыңыз оның қарыштауына сүбелі үлестеріңізді қосасыздар деген сенімдемін. Мереке қарсаңында түрлі іс-шара мен жарыс ұйымдастырылады. Соған белсене қатысып, сүйікті көрермені болуға шақырамын, деді қала әкімі Мейірім Қалауи.

"Аtyrau Marathon 2022" нәтижесінде 42 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Аманқос Ислам мен әйелдер арасында Айнагүл Қуанышева мәре сызығын бірінші боп кесті. Ал 21 шақырымға жүгіргендерден ерлер арасында Нұркелді Аман, әйелдер арасында Әсем Қабдош жеңіс тұғырынан көрінді. 10 шақырымға жүгіргендерден ерлер арасында Есенбол Жаңабек пен әйелдер арасында Нұргүл Орынбасар, 5 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Санжар Базарбаев пен әйелдер арасында Меган Бишоп  алтын медаль иемденді.  

Жүгіру марафоны облыстық жеңіл атлетика федерациясының, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің, «Infinity»фитнес-клубтар желісінің қолдауымен өтіп отыр. Айта кетейік, атыраулықтар биыл қаланың 382 жылдығын тойлайды.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25qazan-respublika

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика