Өткен жылы Атырау облысында 21 спорт алаңы салынып, тапсырылды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Бұл туралы өңірдің экономикалық әлеуетін нығайта отырып, әлеуметтік саланы дамыту бағытында атқарылған ауқымды жұмыстар қатарында аталды. Өткен жылы өңірде спорт саласының өркендеп-өсуіне қолайлы жағдай жасалып, бұқаралық сипатын арттыруға басымдық берілді. Спорт нысандарының көпшілігі облыс орталығы мен оның аумағындағы елді мекендерде болса, 12-сі аудандарда орналасқан.
Өңірде ашылған ең ірі спорт нысандарының қатарында облыстық Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі мен Мақат кентінде қайта жаңғыртылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты бар.