«Atyrau Jastar Fest 2025» фестивалінің демалыс күндеріне арналған іс-шаралар бағдарламасы жарияланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырауда «Atyrau Jastar Fest 2025» фестивалі аясында креативке, спортқа, музыка мен жаңа білімге толы мазмұнды бағдарлама өтуде. Жоба Атырау облысының ішкі саясат басқармасы мен «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Бұл демалыс күндері атыраулық жастарды не күтіп тұр:
15–16 тамыз — Инновациялық байқау “ATYRAU Young Hackathon”
Atyrau Hub – 09:00 – 22:00
Қысқа мерзімде бірегей технологиялық жобалар жасағысы келетіндерге арналған хакатон.
16 тамыз — Киберспорт турнирі AJF eSports Cup 2025 — Counter Strike 2
Beast компьютер клубы (Уәлиханов көшесі, 21/1)
Кибершайқастар, адреналин және нағыз ойын стратегиясы.
16 тамыз, 17:00 — Фестиваль “Atyrau Books”
Сұлтан Бейбарыс алаңы
Кітап дүкендері, жас шеберлер жәрмеңкесі және шығармашылықты бағалаушыларға арналған үш қызықты шеберлік сабағы.
16 тамыз, 20:00 — Гала-концерт “Atyrau Jastar Fest 2025”
Сұлтан Бейбарыс алаңы
Ашық аспан астындағы әуен, драйв және мерекелік көңіл-күй.
17 тамыз — Tungi Run — 18–35 жас аралығындағы жастарға арналған кешкі марафон
Жүлде қоры: 790 000 теңге