Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Атырау» футбол клубының басшылығы жас футболшылармен кездесті

Миялы спорт кешенінде «Атырау» футбол клубының басшылығы ауданның жас футболшыларымен кездесті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев, «Атырау» футбол клубының ұжымы және футбол жаттықтырушылары қатысты. Алдымен сөз алған аталмыш клуб директоры Қонысбай Шпанов :

- Біздің мақсатымыз - аудандардағы филиалдарды аралап, олардың жұмыс барысымен және жас футболшылармен танысу. Сіздердің спортқа деген қызығушылықтарыңызды, алға деген талпыныстарыңызды көріп отырмыз. Алдағы уақытта да құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін боламыз. Ал жас футболшыларымызға аудан намысын футбол бәсекелерінде абыроймен қорғап, жанкүйерлерді жарқын жеңістеріңмен қуантуларыңызға тілектеспін, - деді.

Сондай-ақ, шара барысында «Атырау» футбол клубының бапкерлері жас футболшыларға шеберлік сағатын өткізіп, жаңа спорттық формаларды табыс етті. Кездесуге қатысқан аудан басшылары аталмыш клуб басшылығына алғысын айтып, ауыл футболының дамуына қосып отырған зор үлестері үшін ризашылығын білдірді.

 

Әйгерім БАЙДӘУЛЕТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521