9 ақпан күні елордада "Сарыарқа" велотрегінің аренасында ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан Кубогының қорытынды матчтары өтті. Атыраулық команда ақтық сында "Астана" командасынан басым түсті.
2003 жылы негізі құрылған "Атырау барыстары" баскетбол командасы 2 дүркін Қазақстан чемпионы, 5 дүркін күміс жүлдегері және Қазақтан Кубогінің иегері, бірнеше дүркін күміс жүлдегері деген атақтарға ие.
Айта кету керек, соңғы рет атыраулық команда 2009 жылы кубок иегері атанған болатын.