Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Астанадан қызылқоғалық шабандоз жүлде иеленді

Бүгін Астана қаласында елордамыздың 25 жылдық мерейтойына орай Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастыруымен бәйге түрлерінен республикалық турнир өтті.

Ауыздығымен алысқан адуынды сәйгүліктер жеті шақырымдық «құнан» бәйге мен «жорға» жарысы, 15 шақырымдық «топ» бәйге және 22 шақырымдық «аламан» бәйге бойынша «Қазанат» атшабарында 100-ге тарта таңдаулы жүйріктер бақ сынады. Еліміздің барлық аймағынан жиналған түрлі топты жарып бәйге алған тұлпарлардың арасынан суырылып шығып, оза шапқан “Аламан” бәйге бойынша Атырау облысы атынан қатысқан Қызылқоғалық Қайырбек Баймұратовтың “Бозкүреңі” 2-ші болып келіп, 3 500 000 теңгелік ақшалай пен арнайы дипломмен марапатталды. Кәсіпкерлікпен қатар атбегілік өнерді де дамытып, ат баптау, облыс көлемінде жарыстар ұйымдастырып, киелі де қасиетті ұлттық өнерді игеріп жүрген Қайырбек Баймұратовты жеңісімен құттықтаймыз. Ұлттық өнерді дамытып, байрақты бәйгеде бағың жансын демекпіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521