Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АСТАНА ТӨРІНЕН ҮШ ЖҮЛДЕ

 Жақында Астана қаласында дзюдо күресінен 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында дәстүрлі «Astana Judo Tour» республикалық турнирі өтті.

Оған еліміздің барлық өңірінен және Ресейдің Омск қаласынан жас дзюдошылар келіп, үш күн бойы Астана татамиінде тартысты белдесулер өткізді. Байрақты бәсекеде облыс намысын қорғаған жерлес балуандар жақсы нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, 55 келіде белдескен Бақдәулет Мақсотұлы мен +55 келідегі Бернар Ерболат іріктеу кезеңінде бес қарсыласын түгел ұтып, ақтық сынға шыққанымен, финалда қарағандылық және астаналық қарсыластарына жол беріп, екеуі де екінші орынға ие болды. Сол сияқты 32 келіде сынға түскен Дәулет Мәлік жартылай финалда ақтөбелік балуаннан ұтылғанымен, үшінші орын үшін болған белдесуде павлодарлық қарсыласын қапы қалдырды. Сөйтіп үшінші орынды еншіледі. Осылайша, байрақты бәсекеде жүлдегер атанған жас балуандар өздерінің күш-жігері мен әлеуетін бір сынап қайтты.

Осы орайда, балуандарды аталмыш жарысқа дайындаған Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Роман Майлашевтің еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT