Жақында Атырау қаласында волейболдан 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық біріншілік болып өтті.
Оған «Ұлан» балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы жанынан барған Жаңашаруа орта мектебінің қыздар командасы қатысты. Топтық кезеңде Атырау қаласы, Мақат, Исатай аудандарының командаларымен кездесіп, жеңіске жеткен жерлестер жартылай финалда Махамбет ауданын 2:0 есебімен ұтты. Сөйтіп, ақтық сында Атырау қаласының құрама командасымен қайта жолыққан волейболшы қыздарымыз оларды қайта жеңіп, бірінші орынды иеленді.
Шәкірттерінің осындай жетістікке жетуіне жаттықтырушы Сүндет Райстың еңбегі зор.
Айдана ОСПАН,
Көздіғара ауылдық округінің жастар жетекшісі