Таяуда, Семей қаласында ерлер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Кубогы – «Қабанбай батыр мемориалы» өтіп, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналды. «Арена» мәдени-спорт кешенінде үш күнге созылған дүбірлі додаға 400-ден аса балуан қатысып, бақтарын сынады. Осынау байрақты бәсекеде +98 салмақта белдескен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті, мұқырлық Арсен Сәуен жақсы нәтиже көрсетті. Үш белдесуінде қарсыластарының жауырынын жер иіскеткен ол ақтық сында есе жіберіп, ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар ол самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды. Сөйтіп, ауыл, аудан, облыс мерейін үстем етті. Бауыржан ОҚСАҰЛЫ