Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аманбек қарсылас шақ келтірмеді

Маусым айының басында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасында белбеу күресінің негізін қалаушы Рафик Валиевтің 60 жылдық мерейтойына арналған ерлер мен әйелдер арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының Кубогі өтті.

Бұл жарысқа да еліміздің әр түкпірінен іріктелген палуандар қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен додада 75 келіде күрескен жерлесіміз Аманбек Аруов өзімен белдескен бес қарсыласын да таза жеңіп, чемпион атанды. Бұған дейін самбо мен дзюдо күресінен бірақ биік бағындырған ол енді блбеу күресінен де жетістікке жетіп, өзінің бесаспап екенін дәлелдеп отыр. Аманбек алдағы уақытта белбеу күресінен Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521