Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Айта бергеннен ауыл спорты алға баспайды оған нақты іс керек

Жақында «Арман» мәдениет үйінде аудан спортының жай-күйі талқыланған жиын өтті.

Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері қатысты.

Аталмыш жиында алдымен баяндама жасаған Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Болатбек Меңдіғалиев 2016-2018 жылдар аралығында жасалған жұмыстарына тоқталса, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Асқар Ақтаев соңғы екі жылдағы аудан спортының жетістіктері туралы баяндады.

Содан кейін, жиынғы қатысушылар сөз алып, «Аудан спортын қалай дамытамыз?» деген тақырыпта өз пікірлерін ортаға салды.

Бұл туралы толығырақ «Қызылқоға» газетінің №8 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521