Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жылыой ауданында «Мәңгілік жаса, қыран елім - Қазақстан» атты мәдени шара өтті

Жылыой ауданында 25 қазан - Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім - Қазақстан» атты мәдени шара өтті. 

Мерекелік кеш Жылыой халықтық ұлт аспаптар оркестрінің әсем әуендерімен ашылып, ұлттық өнердің биік деңгейін көрсетті. Әсерлі әуеннен кейін аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрболат Сарманов халықты құттықтап, Республика күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталып өтті. Өз сөзінде ол:

“Бұл мереке — тәуелсіздігіміздің берік тұғыры, еліміздің еңсесін тіктеп, жаңа белестерге жетелейтін күн. Біз әрқашан Отанымыздың өркендеуі жолында қызмет етуіміз керек,” — деп, мерекенің рухын көтерді.

Ресми бөлімі аясында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған Бақытбек Базарбаев салтанатты түрде ант қабылдап, халық алдында өз міндеттерін адал атқаруға уәде берді. Бұл рәсім республика күніне айрықша мән беріп, жас буынның жауапкершілігін көрсетті.

Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер облыс, аудан әкімдерінің және аудан әкімі аппараты басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Аталған марапаттар өңірдің дамуына қосқан үлестің елеулі екенін атап көрсетіп, алдағы уақытта да жемісті еңбекке шабыт берді.

Шара соңы ауданның өнерпаздары дайындаған әсерлі концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұлттық әндер мен билер орындалып, көрермендер қазақ өнерінің бай мұрасымен қауышты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT