Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екенін айтқан еді.
Кадрлық әлеуетті біртіндеп арттырудың маңыздылығын атап өткен бесінші міндетте жоғары оқу орындарына қатысты «экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету-аса өзекті міндет», «су, энергетика, құрылыс, басқа салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет» деген Мемлекет басшысы болашақта сұранысқа ие мамандар даярлауды ұсынды.
Сонымен қатар жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастыруды жалғастырып, қолдау көрсетудің атап айтқанда маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейту, үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту, инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-техникалық басымдықтарымен үйлестіру, қолданбалы ғылымның әлеуетін арттырудың қажеттігін көрсетті. Президент назарынан осы саладағы кемшіліктер де тыс қалмай, ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасын әншейін синекураға, академиялық туризмге айналдырмау керектігін де баса атап өтті.
Алтынбек Асқаров,
Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ басшысы, аудандық мәслихат депутаты