Облыстық «Жыл белсендісі - 2019» байқауына өтініш қабылдау басталды.
Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен қайырымдылыққа үлес қосып жүрген азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және еріктілер тобы қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – облыстағы белсенді азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік кәсіпкерлердің жетістіктерін насихаттау, әр бағыт бойынша жыл үздігін анықтау.
Үздіктер бес номинация бойынша анықталады:
- «Үздік ҮЕҰ»;
- «Қоғам белсендісі»;
- «Үздік әлеуметтік кәсіпкер»;
- «Үздік еріктілер тобы»;
- «Үздік аудандық ҮЕҰ».
Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 200 мың теңге сыйақы табысталады. Өтінімдер 10 желтоқсанға дейін қабылданады.
Байқаудың ұйымдастырушысы - Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы. Қосымша ақпаратты npoatyrau.kz сайтынан алуға болады.
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы