Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жыл басынан бері облыс көлемінде 686 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелді

фото baq.kz/-тен алынды

Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының кибер қылмысқа қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Асхат Нұрманов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл басынан бері кибер қылмысқа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында екі рет «Anti-Fraud» және бір рет «Hi-tech» жедел- профилактикалық іс-шаралары өткізілген. 

Облыс көлемінде биыл 20-22 қараша аралығында Hi-Tech жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Мақсаты – технологиялармен жасалатын қылмыстардың алдын алу, бұрын жасалған қылмыстарды ашу.

- Hi-Tech жедел-профилактикалық іс-шарасына тоқталып өтсем, осы жылы күні бүгінге дейін облыс бойынша барлығы 686 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Оның ішінде облыс тұрғындарының ең көп алданатын қылмыс түрлері – бұл алдын-ала ақша салымдарын жасау немесе әлеуметтік желілер арқылы тапсырыстар беру. Мәселен, интернет желісінен шыққан әр түрлі жарнамаға сеніп, тапсырыс беріп, кейін алданып қалу қылмыстары өте көптеп кездеседі, - деді А.Нұрманов.

Соңғы кездері интернет алаяқтар әлеуметтік желілерде, соның ішінде Telegram, Facebook, Instagram-да белсенді болып, жалған боттар жасау арқылы қолданушылармен хат алмасып, олардың сеніміне кіреді.

- Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі – интернет-алаяқтық. Қылмыскер ақшалай қаражатын көбейту мақсатында әр түрлі Telegram, WhatsApp, Instagram желілерін пайдалану арқылы қарапайым халықты тез құрығына түсіреді. Сол себепті де халықтың оңай ақшаға қол жеткізем деп сан соғып қалып жатқан деректері көптеп кездеседі. Қазір де қолымызға түскен ақпарат бойынша дәл осындай деректермен 115 іс тіркелді. Сол себепті халыққа айтарымыз, оңай ақша ешуақытта жақсылыққа апармайды, әрі әрбір жарнамада көрсетілген ақпаратқа дұрыстығын білмей жатып сенбегендеріңіз жөн, - деді Атырау облысы ПД Киберпол арнайы тобының жетекшісі полция капитаны Нұрлыбек Беркалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT