Журналистерге миллион теңге көлемінде сертификат беріледі

Бұған дейін екі жылда бір рет беріліп келген​ Тауман Амандосов атындағы сыйлық бұдан былай журналистер арасында​ жыл сайын иегерлерін анықтайтын болады.

Және әр номинацияға 500 000 теңге ақшалай сыйақы тағайындалады.

Бұл туралы​ БАҚ өкілдерін онлайн конференция арқылы жинаған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді.

«Тауман Амандосов атындағы сыйлық иегерлері бұған дейін​ 4 номинация бойынша анықталып келген еді. Ендігі жерде номинация саны​ 10-ға​ дейін жетіп отыр. Әр номинация иегеріне​ 500 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі.​ Бұрын сыйақы көлемі​ 150 000​ теңге​ ​ болатын. Тағы бір қуанышты жаңалық сол,​ журналистерге баспана алуға қолдау көрсету мақсатында алғашқы жарна ретінде 1 миллион теңге сертификат беріледі. Аталмыш сертификат бір мезгілде​ 5 адамға беріледі деп күтілуде» деп атап өтті онлайн жиын барысында​ Атырау облысы әкімінің орынбасары.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21