Соңғы уақытта елімізде оң өзгерістер орын алып, жүйелі түрде жұмыстар жүзеге асуда. Дегенмен әлі де болса шешімін таппаған түйіткілді мәселелер бар. Соның бірі – жиі орын алатын жол апаттары. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында кеңірек тоқталды.
Оның айтуынша жол апатының басты себебі – авто¬кө¬лік¬тің көбеюі. Еліміздегі автокөлік саны был¬тырдың өзінде 300 мыңға, ал, соңғы бес жылда 1,7 миллионға көбейген. Оның үстіне, шамамен 3 миллион транзиттік ав¬токөлік еліміздің аумағы арқылы өте¬ді. Автокөлік көбейген сайын, жол үстін¬де апат болу ықтималдығы арта түседі. Президент өз сұхбатында Ішкі істер министрлігі құқық бұзу¬шы¬лықты анықтау және оның жолын кесу жұмыстарын жандандыра түскендігін және айыппұлды өсіру туралы ше¬шім де, ең алдымен, жол қауіпсіздігін қам¬тамасыз ету үшін қабылданғандығын атап өтті. Соның нәтижесінде ахуал жақсарып, көлік апаттарынан болған адам өлімі 9,4 пайызға азайған. Алайда, қоғам жол ережесін сақтауға немқұрайлы қара¬са, қолға алынған шаралардың еш¬қай¬сысы тиісті нәтиже бермейді. Түптеп кел¬генде, жүргізушілер қарапайым, бір¬ақ өте маңызды талаптарды сақтама¬ған¬дықтан, жан түршігерлік апаттар болып жа¬тады. Бұл жағдай көлік жүргізуші¬лері¬нің жол ережесін білмеуінің немесе оны біле тұра елемеуінің кесірінен орын ала¬ды. Дәл осындай жауапсыз жүргізу¬ші¬лер адам өліміне әкеп соқтыратын апаттарға себепкер болады. Расымен де, қазір жол апаты өте өзекті мәселе болып отыр. Көбіне тәжірибесі толыспаған, жүргізуші куәлігін енді алған жастар жүйіткіген шет ел көлігіне мінеді де бірнеше жолаушыны алып, қалаға қарай жолға шығады. Алдында – тақтайдай тегіс асфальт, тақымдағаны – жылдамдығы жоғары көлік. Үлкен жүк көліктерін басып озып, жоғары жылдамдықпен келе жатады да ақыры тәжірибесі жоқтығы салдарынан жол апатына ұшырайды. Өзінен бөлек бірнеше адамның жарақат алуына тіпті өліміне себеп болады. Сондықтан президенттің сұхбатта көтеріп отырған мәселесі өте дұрыс. Енді мұның алдын алу үшін тек тәртіп сақшылары ғана емес қоғам болып түсінік жұмыстарын жүргізген абзал. Әсіресе көлікке мінген жолаушылар жүргізушінің көлікті қалай айдайтындығын бақылап, жылдамдықты шамадан тыс асырып жатса, ескертіп отыруы керек. Сонда ғана жол апаттары азайып, бұл мәселе оңынан шешілері хақ.
Сағидолла ЯҚЫП,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



