Бұл іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша сағат 13:26- да ҚР ТЖМ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған болатын, 5 сағат бойы әуеден барлау жүргізілді, сағат 17:00 кері қонды.
Жоғалған адамдар табылмады. Түнгі сағат 00:00-ден бері ТЖД құтқарушылары автокөлікпен де, жаяу да іздестіруде. Дәл қазіргі уақытта 3 топқа бөлініп (әр топта 7-8 құтқарушы) іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, ТЖД 5 техника жұмылдырылды.