Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жұмысшы мамандары - нағыз еңбек ерлері

Бүгінде жұмысшы мамандары заман талабына сай кәсіби білімі бар, жаңашыл, техниканың тілін жетік меңгерген, өндірістің жүрегінде тұрған жандар. Олар – тікелей әрекеті арқылы елдің дамуына өз үлестерін қосатын нағыз еңбек ерлері.

Мемлекет басшысы да бұл жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, қоғам назарын қарапайым еңбек адамдарына аударды. Бұл - маңдай термен нәпақа тауып, ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып жүрген миллиондаған жұмысшыға көрсетілген зор құрмет.

Жұмысшы мамандықтарының жылы  тек бір саланы ғана насихаттау емес, ел болашағын нақты ісімен қалыптастырып жүрген азаматтарды тану және оларды жастарға үлгі ету. Бұл бастама еңбек адамының беделін көтеріп, жастарды нақты кәсіпке баулуға үлкен серпін беретіні анық.

                                                                                            Қабылхан Омаров

                                                                                    Аудандық ардагерлер мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT