Қазақстанда 2025 жыл – Жұмысшы мамандар жылы деп жариялануы, ел экономикасы мен өндіріс саласының дамуына тікелей әсер ететін кәсіптерге деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Бұл жыл – қарапайым еңбек иелерінің, әсіресе дәнекерлеуші сияқты техникалық мамандықтардың маңыздылығын көрсететін уақыт. Дәнекерлеуші мамандығы – берік болашақтың негізі Дәнекерлеуші – металл құрылымдарын біріктіріп, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы сияқты түрлі салаларда аса қажет маман. Бұл кәсіп иесі металл бөлшектерді жоғары температурада біріктіреді, техникалық сызбалармен жұмыс істейді, қауіпсіздік техникасын қатаң сақтай отырып еңбек етеді.
Неліктен бұл мамандық маңызды? Себебі зауыттар мен өндіріс орындары дәнекерлеушілердің еңбегіне тәуелді.
Инфрақұрылым құрылысы: Көпірлер, ғимараттар, құбырлар – барлығы дәнекерлеу жұмысы арқылы жүзеге асады.